Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1998.02.10 № 4097 ЖАРЛЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келiсу,
қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ереженi
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығы

(2008.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 18 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің норма шығарушылық қызметi жүйесiн жетiлдiру, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды күшейту мақсатында қаулы етемiн:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

1998 жылғы 2 қазандағы

№ 4097 Жарлығымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау,

келiсу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің

актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау

тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, өкiмдерiн (бұдан былай-актiлер) және тапсырмаларын дайындау, келiсу, ұсыну және орындалуын бақылау тәртібін реттейдi.

I. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келiсу және қол қоюға ұсыну тәртібі

1. Республика Президентi актілерінiң жобаларын дайындауды:

1) Республика Президентінің Әкiмшiлiгi;

2) Республика Үкіметі;

3) Республика Жоғарғы Соты, Бас Прокуроры;

4) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары;

5) Республика Президентi айқындайтын өзге де мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.

Мемлекет басшысы актілерінiң жобаларын дайындауды тиiстi мемлекеттік органдар құзыретiне сәйкес өз бастамашылығы не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасымен жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом