Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысы
(2008.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадағы
№ 329 қаулысымен бекітілген