Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 979 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 979 Қаулысы (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 979 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 838 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және Павлодар облысы Екібастұз қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Павлодар облыстық мәслихаты мақұлдаған, Павлодар облысы Екібастұз қаласы бас жоспарының жобасы бекітілсін.

2. «Екібастұз қаласының бас жоспары туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 10 қыркүйектегі № 344 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 25 маусымдағы

№ 979 қаулысымен

бекітілген

 

Екібастұз қаласының бас жоспары

 

1. Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты

 

1.1. Бас жоспардың мәні

 

Павлодар облысының облыстық маңызы бар қаласы - Екібастұз қаласының бас жоспары қала құрылысын кешенді жоспарлауды айқындайтын, аумақтың аймаққа бөлінуін, жоспарлы құрылымын және функционалды ұйымдастырылуын, көліктік және инженерлік коммуникациялардың, көгалдандыру мен абаттандырудың жүйесін белгілейтін қала құрылысының негізгі құжаты болып табылады.

Бас жоспарда табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, Екібастұз қаласының аумағын дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ функционалды аймақтарға бөліну, резервтік аумақтар, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы құбылыстар мен үрдістердің қауіпті әсерінен қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар белгіленген.

Екібастұз қаласы қала құрылысы дамуының басты мақсаты - қаланың тұрақты дамуы және қазіргі халқы үшін өмір сүрудің қолайлы ортасын қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу мыналарды сипаттайды:

1) өмір сүру ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешеннің тұрақтылығы;

2) қала құрылысы шешімдерінің сабақтастығы, кеңістік тұтастығы, эстетикалық көркемдік, қаланың үйлесімділігі мен ортаның әр алуандығы;

3) көліктік және инженерлік инфрақұрылымдардың сенімділігі мен қауіпсіздігі, тұрғын үй проблемалары шешімдерінің кешенділігі, тұрғылықты аумақтарды қайта құру мен дамыту және тұрғылықты ортаны қалыптастыру;

4) өндірістік аумақтарды пайдалану тиімділігі, қоғамдық орталықтар жүйесінің дамығандығы мен қол жетімділігі.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу Екібастұз қаласының аумағында құрылыс жүргізу, қайта ұйымдастыру және абаттандыру, құрылыс нысандарын қайта құру, өмір сүру ортасының сапалы сипаттамаларын арттыру жолымен жүзеге асырылуы тиіс.

 

 

2. Табиғи-климаттық және

инженерлік-геологиялық аспектілер

 

Екібастұз қаласы Ертіс өңірі жазықтығының төменгі шағын адырлы шоқыларының шегінде орналасқан. Екібастұз каласы аумағының жер бедерінің салыстырмалы асып түсуі 5-15 метрден аспайды, еңісі 3-7 % шегінде, кейбір жерлерде 8-12%-ға дейін өзгеріп отырады. Екібастұз қаласының ауданында ұсақ түйіршік шоқының жалпы биіктігі 192-222 метрді құрайды.

 

 

2.1. Климаты

 

Қысы суық және жазы қоңыржай ыстық қауырт (континенталды) Құрылыс-климаттық аудандарға бөлуге сәйкес Екібастұз қаласы І-В қосалқы ауданына жатады. Ең ыстық шілде айы ауасының орташа айлық температурасы 21,7о, барынша жоғары абсолюттік температура - +41o Қаңтардың күндізгі температурасының орташа айлық белгісі -17,6o - 23o құрайды, ал абсолюттік ең төменгі температурасы -43o.

 

 

2.2. Ылғалдылық режимі

 

Екібастұз қаласында жауын-шашынның орташа жылдық көлемі (жылына 269 мм) жасыл желек екпе ағаштарының суарусыз өсуі үшін жеткіліксіз. Жауын-шашынның барынша жоғары айлық көлемі - 40-45 миллиметр, ол жазғы шілде-тамыз айларына, ал ең төменгі көлемі қыс айларына келеді және 10-12 миллиметрді құрайды.

Қар жамылғысы бір қалыпты; оның орташа биіктігі 10 сантиметрден аспайды. Топырақ қатуының есептік тереңдігі 230 сантиметрге тең.

 

 

2.3. Жел режимі

 

Ауданда жел режимі материктік сипатқа ие және қыста оңтүстік-батыс желдердің, жазда солтүстік-батыс желдердің басымдылығымен сипатталады.

Қатты жел болатын күндер саны (15 м/с жоғары) салыстырмалы түрде көп емес - жылына 19 күн. Қатты жел көбіне сәуір-мамыр және қараша-желтоқсан айларында болады.

Қаланың аумағында жыл бойы шаңды дауыл соғып тұрады, бұл бірінші кезекте жергілікті шаңдатқыш жел көздерінің болуына байланысты. Аудандағы шаңды дауылдардың орташа саны метеостанциялардың мәліметі бойынша жылына 13,2 күнді құрайды.

 

 

2.4. Гидрографиялық, гидрологиялық жағдайлар

 

Жергілікті гидрографиялық жүйенің айрықша белгісі суы таяз көлдердің көптігі мен көктемгі қар еріген кезеңде басым бөлігі уақытша ағын сулардың болуымен ерекшеленеді. Көлдердің пайда болуынан көптеген ойыстар саны бар тегістік-төбешікті жер бедері ықпал етеді. Олар түрлі қашықтықта орналасады және олардың тұзды, ащы тұзды суы, таяз және тұрақсыз су балансы болады.

Барлық көлдердегі сулардың химиялық құрамы әртүрлі гидрокорбонатты, хлоридті, сульфатты. Судың минералдану дәрежесі де әртүрлі - 18 грамм/литрден 286 грамм/литрге дейін. Барлық көлдердің суы шаруашылық-ауыз суы мұқтаждықтары үшін жарамсыз. Қала мен оның кәсіпорындарының шаруашылық-ауыз су және өндірістік мұқтаждары үшін су қажеттілігі Ертіс-Қарағанды арнасымен қанағаттандырылады.

Екібастұз қаласына іргелес өңірдегі ең ірі езендер - Шідерті және Өлеңті өзендері болып табылады. Қазіргі уақытта бұл өзендердің су ағындысы пәрменді бөгеттермен және бөгетшелермен тоқтатылған.

Жаңбырлы және қар еру маусымында су деңгейі көтеріледі, ал минерализациясы төмендейді. Құрғақшылық кезеңде және қыста керісінше көлдер таязданады, ал су одан сайын сортаңданады. Көлдер, негізінен, көктемгі-жазғы кезеңдегі қардың еруінен және жауынның әсерінен толады, сондықтан олардың көбі жаз соңында құрғап кетеді.

 

 

2.5. Инженерлік-геологиялық жағдайлар

 

Инженерлік-геологиялық жағдайлар қала аумағын қала құрылысы аймақтаудағы анықтаушы факторлардың бірі болып табылады. Осыған байланысты қала аумағы І-ІІ аудандарға бөлінген:

І аудан - төменгі жер бедерінің бөлігінде таралған және 2,0 метрге дейінге жер асты суларының жоғары деңгейімен сипатталады. Жыл бойындағы жер асты су деңгейдің өзгеру амплитудасы 0,5-0,7 метрді құрайды. Жер асты су деңгейінің жоғары болуы құрылыстар мен ғимараттардың іргетастарына кері әсерін тигізеді. Су темірбетон, болат пен алюминий құрылғыларына қатысты сульфатты агрессияға ие болады.

II аудан - барлық зерттелетін аумақтың 70%-ын алып жатыр. Мұнда ыза суы деңгейінің шегу тереңдігі бойынша үш қосалқы аудан бөлінген.

 

 

2.6. Жер асты сулары

 

Шоғырлануы, гидравликалық режимі мен су сыйымды жыныстардың сипатына қарай мынадай сулы қат-қабаттар мен кешендер бөлінеді:

1) элювиалдық-делювиалдық шөгінділердің сулы қат-қабаты кеңінен таралған, мезозой мен палеогеннің суға берік саздарында «ызат суы» түрінде шоғырланған;

2) мезозой жыныстарының мору қыртысының элювиалды түзілімдерінің сулы деңгейжегі. Осы қат-қабаттың су шоғырланатын түпнегіз жыныстары сазды және саздақты толтырғыштары бар сазды және ұсақ тасты - қиыршықты грунттар болып келеді. Жер асты суларының шөгу тереңдігі 0,7-ден 10,0 метрге дейін шектерде болады;

3) төменгі карбонның терригенді - шөгінді жыныстарының сулы кешені (С1) барлық жерде таралған. Құмтастар, шақпақтасты әктастар және суға берік сазтастар мен құмайттастармен қабаттасатын көмірлі жыныстар су сыйымды жыныстар болып табылады. Орныққан су деңгейінің шоғырлану тереңдігі 4,6-дан 14,0 метрге дейінгі шектерде болады;

4) үстіңгі девонның фамен жікқабатының терригенді-шөгінді жыныстарының сулы кешені (D3 fm) шақпақтасты және сазды әктастармен, құмтастармен, әксаздармен, сазды тақтатастармен және құмайттастар мен танылады, олар көптеген сызаттармен және карст қуыстарымен тізіліп, сазды материалдармен толтырылған. Судың деңгейінің шөгу тереңдігі 6,9-дан 13,4 метрге дейін болады;

5) жоғарғы девонның жарсор свитасы эффузионды-шөгінді жыныстарының сулы кешені (О3qr) қала аумағының (Северный кенті) батыс бөлігіне таралған. Осы кешеннің сулары морудың сызат аймағына (сызат) және тектоникалық жарық жерлерге (сызатты-желілік) орналастырылған. Сызаттың тереңдігі 60 метрге дейін таралады.

 

 

2.7. Физикалық-геологиялық үрдістер мен құбылыстар

 

Қаланың аумағында физикалық-геологиялық үрдістер мен құбылыстар топырақтың сортаңдануы түрінде көрінеді. Топырақтың неғұрлым жоғары сортаңдығы жер үсті тұздар қатпарларымен және түстерімен жабылған көл маңындағы шұңқырларда байқалады. Сорлар таралған. Суда ерігіш тұздардың құрамы 1-5-тен 10-20%-ға дейін. Топырақтың сортаңдауы, ең алдымен қайталама бытыраңқы гипстің болуымен байланысты. Сорлар өсімдіктердің өсуіне қолайсыз.

 

 

2.8. Сумен қамтамасыз етілу жағдайлары

 

Екібастұз қаласының тұрғындарын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мекемелерін сумен қамтамасыз етудің басты көзі Ертіс-Қарағанды арнасынан келіп түсетін Ертіс өзенінің беткі сулары болып табылады. Су, арнадан резервті су қоймасына арнаның құйылу тұсында орналасқан бас тоғаннан алынады. Бас тоғанның суы халықтың, өнеркәсіп кәсіпорындары мен қалалық ұйымдардың шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына (шаруашылық - ауыз сумен жабдықтау жүйелері), қала кәсіпорындарының, өнеркәсіп торабы мен теміржол объектілерінің өртке қарсы және өнеркәсіп мұқтаждықтарына пайдаланылады. Бас тоғанның өнімділігі жылына 56 064,0 мың текше метр (153,6 мың м3 тәулік, 1,78 м/с) құрайды, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нақты тәулігіне 23,809 мың м3 тәулік, яғни жалпы қуаттылықтың 15,5 пайызын құрайды. Бұл өндіріс көлемінің біршама төмендегеніне және су бағасының тарифтік кестесінің артуына байланысты. Бас тоғанның техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, келіп түсетін судың саны қаланы сумен қамтамасыз етуге жеткілікті.

 

 

3. Әлеуметтік-экономикалық аспектілер

 

3.1. Демография

 

Өңірде 2030 жылға дейінгі болашақта демографиялық үрдістердің серпін: қоғамдық дамудың дәстүрлі, бұрыннан бері қалыптасқан, сонымен бірге қоғам өміріндегі көбейіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен құбылыстардың барысында қалыптасатын жаңа факторлардың барлық жиынтығының өзара қатынасымен анықталатын болады.

Екібастұз қаласының демографиялық даму сипаты олардың масштабтары мен бағыттылығы:

1) қаланың экономикалық әлеуетінің дамуына;

2) тұрғын үй нарығының дамуына;

3) жұмыспен қамту және еңбекақы деңгейіне;

4) мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясат және басқа факторлар сияқты әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижелеріне байланысты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысымен белгіленетін болады.

Екібастұз қаласы халқының болашақтағы санының болжамды көрсеткіштері түрлі әдістермен алынған. Осылайша, соңғы жылдары қалада халық өмірі деңгейінің көтерілуі, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және басқа да өзара байланысты факторлардан туған халық санының ұдайы өсуі режимінде, көші-қон үдерістерінің бағыттылығы мен қарқындылығында біршама өзгерістер (халық саны өсімінің кемуінен жай ұдайы өсуге ауысу, көші-қонның теріс сальдосынан оң сальдосына ауысуы) орын алуда. Көші-қонның жағымды сальдосын болжамды кезеңге дейін сақтау көзделіп отыр.

Бастапқы жылдағы бала туу коэффициенті (2006 жылғы 21 қаңтар) - 1,62.

Болашақтағы бала туудың жиынтық коэффициенті:

1) 2012 жылы - 1,77;

2) 2020 жылы - 2,43.

Екібастұз қаласы тұрғындарының бастапқы жылдағы саны (2006 жылғы 1 қаңтар) - 119,7 мың адамды құрады. Екібастұз қаласы халқының 2020 жылғы кезеңге дейінгі болжамды саны орнықты және инерциялық демографиялық беталыстармен сипатталады. Екібастұз қаласы тұрғындарының болашақтағы саны болжамдық неғұрлым ықтималды нұсқалары бойынша:

1) 2012 жылы - 143,2 мың адам;

2) 2020 жылы - 158,2 мың адам;

3) 2030 жылы - 200,0 мың адам бола алады.

Екібастұз қаласының қаланы қалыптастырушы кадрлар санының құрылымы мен серпінінің есептік көрсеткіштерін 2012 жылға қарай 49,7 мың адамға дейін жеткізу жоспарлануда, яғни бастапқы жылғыдан 17,8 адамға көп, ал 2020 жылы экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 51,9 мың адамға жетуі тиіс.

 

 

3.2. Тұрғын үй құрылысы

 

Тұрғын үй ортасын кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттары 2020 жылға дейін қаланың барлық тұрғын үй қорын 2757,8 мың шаршы метрден 3480,5 мың шаршы метрге дейін арттырумен, 1 адамға 23 шаршы метрден 25 шаршы метрге дейін тұрғын үймен орташа қамтамасыз етуге жеткізуді қарастырады. Құрылыс бос аумақтарда жүргізілетін болады. Құрылысты аймақтандыру және жаңа тұрғын үй құрылысы объектілерінің көлемін бөлу құрылыс кезеңдері бойынша:

2012 жылы:

1) үй-жай құрылысы - 46,2%;

2) блокталған 2-3 қабатты тұрғын үйлер - 16,4%;

3) көппәтерлі үйлер - 45,2%;

2020 жылы:

4) үй-жай құрылысы - 66,5%;

5) блокталған 2-3 қабатты тұрғын үйлер - 13,2%;

6) көппәтерлі үйлер - 35,3%.

Екібастұз қаласының тұрғын үй аумақтарын қайта құру және дамытудың басымдық бағдарламалары:

1) аумақты пайдаланудың төмен қарқындылығы бар қаланың құрылымдық бөліктерінде (магистраль маңындағы аумақтарда, орталық ядрода, қалалық тораптарда және т.б.) қазіргі құрылыстың тығыздылығы төмен аудандарын қайта құру;

2) ескі аз қабатты тұрғын үйді бұзу жалпы ауданы 47,6 мың шаршы метрді құрайды, бұзудан босатылған аумақтар көше - жол жүйесін кеңейтіп, қалыптастыруға, жасыл егістері бар жалпықалалық орталықтың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің құрылысына пайдаланылады;

3) қалыптасқан құрылыстар жүргізуден бос қалалық аумақтарында құрылысы аяқталмаған объектілердің құрылысын салуды аяқтау және тұрғын үй кешендерін қалыптастыру;

4) жаппай құрылыстың аудандарын кезең-кезеңмен қайта құру, соның ішінде күрделі жөндеу, қайта жоспарлау, қайта құрылатын қорды жөндеу.

Бас жоспарда әлеуметтік-кепілді минимум қызмет көрсету мекемелерінің қамтамасыз етілуін нормативтік көрсеткіштерге және 2020 жылға қарай қалалық маңыздағы объектілер дамуының нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытында жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, әлеуметтік саланы дамыту қарастырылып отыр.

 

 

3.3. Көгалдандыру жүйесін дамыту

 

Бас жоспарда қаланың аумағында жасыл екпелердің тұтас кешенін құру қарастырылған. Көгалдандыру жүйесі көгалдандырылған аумақтардың тірек қорын экологиялық қайта құру, сондай-ақ жаңа объектілер салу есебінен құрылады, мұндайда қала аумағындағы жасыл екпелерді біркелкі бөлу және олардың көліктер мен жаяу жүргіншілерге қолжетімділігі ескеріледі. Қаланың көгалдандырылған аумағының тірек қоры жалпы алаңы 41,45 гектар екі паркпен және сегіз сквермен ұсынылып отыр.

Қалалық деңгейдегі қоғамдық, мәдени және әкімшілік мәндегі жаңа объектілер мен кешендер (білім беру, денсаулық сақтау, спорт, демалыс объектілері және т.б.) өзара жасыл екпелер, субұрқақтармен және серуендеу саяжолдары жүйесімен байланыстырылған. Олар қаланың орталық бөлігінде және Ащыкөл көлі ауданында орналасқан. Жобамен қала құрылысының жүйесінде, қаланың эстетикалық келбетін қалыптастыруда және демалыс үшін қолайлы, жағдай туғызуда табиғи фактор ретінде Ащыкөл көлінің маңызы арта түседі.

Қаланың жобаланатын жасыл екпелердің жалпы ауданы 2012 жылы - 1131,02 гектарды, есепті мерзімде (2020 жылы) - 1589,3 гектарды құрайды.

 

 

3.4. Экономикалық қызмет

 

Екібастұз қаласының аумағында экономикалық қызметтің салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр, соның ішінде: ғылымның, білім берудің, мәдениет пен жоғары технологиялық өнеркәсіптің рөлін сақтау; өндірістік, іскери және әлеуметтік инфрақұрылымдардың, қызмет көрсету салаларын, туризм мен рекреацияның дамуын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурстарды қажет ететін өндірістерді тарату, қайта ұйымдастыру.

Материалдық өндіріс салаларын қайта құрылымдауды жүзеге асыру ғылымды көп қажетсінетін және ресурстарды сақтайтын технологиялар пайдасына ұсынылып отыр.

Екібастұз қаласының облыстық маңыздағы қала мәртебесін сақтау және ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени, әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық әлеуетін, облыстық және республикалық маңыздағы нарықтық инфрақұрылымдар институттарының желісін қарқынды дамыту көзделіп отыр.

Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторларының одан әрі тиімді үйлесімі мен өзара қатынасы жоспарланып отыр.

Бас жоспармен аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін көтеріп, қала құрылысы әлеуетін қаланы дамыту мүддесінде аса тиімді пайдалану мақсаты бар өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр.

 

 

4. Дамудың экологиялық талаптары

 

Екібастұз қаласы қала құрылысы дамуының экологиялық талаптарына мыналар жатады:

1) өмір сүру ортасын оның орнықты экологиялық жайсыздық аймақтарында түбегейлі сауықтыру;

2) қолда бар табиғи кешен аумақтарын жағымсыз антропогендік әсерлерден қорғау, қоршаған ортаның шаруашылық қызмет нәтижесінде жоғалтқан қасиеттерін қалпына келтіру және қайта жасау, сондай-ақ резервтік аумақтарда жасыл алқаптарды қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру;

3) өмір сүру ортасының жайлылығын, соның ішінде аумақты көгалдандыру және қаланың тұрғын үй, қоғамдық аймақтарында мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.

Бас жоспардағы Екібастұз қаласы қала құрылысы дамуының экологиялық талаптары мыналарды қарастырады:

1) тұрғындар денсаулығының қауіпсіздігіне қауіп келтіретін экологиялық қатер аймақтарын жою;

2) қатты техногендік жүктемеге түскен аумақтарды (рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің, магистраль маңындағы аумақтардағы газдалған аймақтар мен шу жайсыздығы аумақтары) санациялау, қалпына келтіру, қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

3) жоғары экологиялық қауіп көзі болып табылатын өндірістерді жою;

4) аз қалдықты және қалдықсыз таза экологиялық технологияларды, өндірістің ағынсыз циклдарын енгізу, өнеркәсіп, энергетика, қалалық шаруашылық объектілерін қазіргі заманғы газ тазарту, шаң ұстағыш және су тазарту құрал-жабдығымен 100 %-ға жабдықтауға жеткізу;

5) ауыз су сапасының стандарттарын сақтауды және өндірістік, коммуналдық ағын сулары мен беткі ағынды тазартуды қамтамасыз ету;

6) үздіксіз қозғалысты автомагистральдар құрылысын салу;

7) өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды толық өңдеу және зиянсыздандыру болып табылады.

 

 

5. Аумақты қорғау және қаланың орнықты дамуын

қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

 

Жобада тұрақты қызмет етуді арттыру және Екібастұз қаласының тұрғындарын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен қорғау мақсатында мынадай қала құрылысының іс-шаралары қарастырылып отыр:

1) қаланың аумағын неғұрлым айқын аймақтау;

2) қолда бар өнеркәсіптік аймақтарды одан әрі қалыптастыру және қайта ұйымдастыру;

3) құрылыс жүргізу аймағын жасыл екпелер жолақтарымен жоспарлау аудандарына мүшелеу және өзеннің су қорғау жолақтарын көгалдандыру;

4) көше-жол желісін одан әрі дамыту және оның негізінде тұрақты қызмет етудің жалпықалалық желісін қалыптастыру.

 

 

6. Табиғи кешен аумағын сақтаудың

және дамытудың негізгі бағыттары

 

Екібастұз қаласының табиғи кешені - әсіресе табиғат қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафт құрайтын функцияларды орындайтын және қаланың табиғи-ландшафттық қаңқасын қалыптастыратын өсімдігі және (немесе) суы көп аумақтардың жиынтығы. Табиғи кешен аумақтарына: табиғи аумақтар - дендропарк, көгалдандырылған аумақтар - саябақтар, бақтар, желекжолдар мен шағын гүлбақтар, бақсаябақ өнері мен ландшафттық сәулет ескерткіштері, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының, қоғамдық, өндірістік және коммуналдық мақсаттағы объектілердің көгалдандырылған аумақтары; резервтік аумақтар - бұл бұзылғандарды қалпына келтіру және жоғалған табиғи аумақтарды қайта жасау, көгалдандырылған жаңа аумақтарды ұйымдастыруға арналған резервтелген аумақтар жатады.

Табиғи кешен аумағын сақтаудың және дамытудың негізгі бағыттары:

1) Екібастұз қаласы табиғи кешенінің бүтіндігін және оның қала маңы аймағын сақтауды;

2) түрлі иерархиялық деңгейдегі рекреациялық аймақтарды қалыптастыруды;

3) табиғи кешеннің нақты аумақтарын жобалау және ұстауды экологияландыруды көздейді.

 

 

7. Аумақты сәулеттік-жоспарлы ұйымдастыру

 

Екібастұз қаласының бас жоспарымен қаланың қалыптасқан шектерінде ішкі резервтер есебінен де, солтүстік ауданды игеру жолымен ішкі аумақтық резервтерді салған соң құрылыс аумақтарын кезең-кезеңмен кеңейту есебінен де бұдан әрі дамыту қарастырылған.

Жаңа тұрғын үй құрылысын көп қабатты, аз қабатты блокты және үй-жайлы тұрғын үйлер қалыптастырады. Қалыптасқан қалалық аумақ құрылымындағы көп қабатты құрылыс жалпы қалалық маңыздылығы бар магистраль бойында шоғырланған. Көп қабатты үйлердің кешені «Әуезов», «Энергетиктер», «Торайғыров» көшелерінің батыс бағытын құрайды. «Солтүстік тұрғын үй ауданы» аумағында көпқабатты үйлер құрылысы «Павлодар-Астана» автожолының бойында орналасады. Аз қабатты құрылыс қаланың ішкі бос аумағында қолда бар аз қабатты құрылысты дамытатын құрылыс болып көзделуде. Сондай-ақ «Солтүстік тұрғын үй ауданының» негізгі бөлігі аз қабатты тұрғын үйлер орнындағы құрылыс болып ұсынылады.

Қаланың қазіргі және жаңа бөлігін байланыстыратын негізгі жалпы қалалық магистральдар «Энергетиктер», «Беркімбаев», «Абай» көшелерінің жалғасы болып табылады.

Қаланың болашақтағы жоспарлы құрылымының негізі мыналар болып табылады:

1) экологиялық қауіпсіздік талаптары мен санитарлы-гигиеналық нормаларға жауап беретін санитарлы-техникалық аймақтар мен қорғаныс көгалдандыру жолақтарын құру жолымен қалалық ортаның экологиялық жағдайын жақсарту, аумақты кешенді көріктендіру, рекреацияға қолданылатын табиғи және көгалдандырылған аумақтар учаскелерінің антропогендік орнықтылығын арттыру;

2) қаланың шегінде олардың экологиялық қауіпсіздігі мен жер пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында өнеркәсіп аумақтарын оңтайландыру және жаңғырту;

3) қаланың жоспарлы құрылымын дамытуда тарихи сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, тұрғын үйлер мен қоғамдық аумақтардың микроклиматтық сипаттамаларын жақсарту.

Бас жоспар қаланың көліктік құрылымын дамытуды және жетілдіруді көздейді. Қаланың көліктік-жоспарлық құрылымы кешелердің тік бұрышты торы болып табылады. Жаңа көлік магистральдары мен тұрғын үйлер көшелері қазіргі көшелердің жалғауы болып табылып, тұрғын үйлердің ғимараттарын бағдарлауға қолайлы болуы үшін батыстан шығысқа, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай және оңтүстік-солтүстік немесе оңтүстік-шығыс-солтүстік-батыс бағыттарында тартылған.

 

 

7.1. Қоғамдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттары

 

Қоғамдық құрылыс жүргізу аймағы, көп пішінді және мамандырылған қоғамдық орталықтар мен қалалық және аудандық маңызы бар аймақтардың тарамдалған көп орталықты жүйесі болып табылатын жалпы қалалық орталық жүйесіне кіреді.

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!