Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа
тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 ж. 20 қаңтардағы № 4 бұйрығы
(2007.06.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 4 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Келісілген:
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
13 ақпан 2004 жыл
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес туралы" және "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңдарын ақпараттық және статистикалық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып Бұйырамын:
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсiн.
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi осы бұйрықтың тиiстi орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетi (Хайруллин Р.С.) белгiленген тәртiпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуге алынуы үшiн шаралар қабылдасын.