Битумдар және битумдық тұтқырғыштар
жолдың мұнайлы сұйық битумдары.
Техникалық шарттар
ҚР СТ 1551-2006
Мазмұны
1 Қолданылу саласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
4 Техникалық талаптар
5 Қауіпсіздік талаптары
6 Қоршаған ортаны қорғау талаптары
7 Қабылдау ережелері
8 Сынау әдістері
9 Тасымалдау және сақтау
10 Дайындаушының кепілдігі
А қосымшасы (міндетті). Зиянды заттардың шектік рауалы концентрациясы
Қосымша. Библиография
Кіріспе
Осы стандарт Қазақстан Республикасының ауа-райы жағдайларын есепке ала отырып, ГОСТ 11955-82 «Жолдың мұнайлы сұйық битумдары. Техникалық шарттар» стандартының талаптары негізінде әзірленді.
Осы стандартты еуропалық стандарттың британиялық нұсқасымен және Францияның ұлттық стандартымен үйлестіруге жолдың сұйық битумдары сапасьш әлемдік тәжірибеде жалпы қабылданған көрсеткіштер бойынша бағалау қажеттілігі себеп болды.
Стандарттың атауы Қазақстан Республикасында битумдар мен битумдық тұтқырғыштарға қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес келтіру үшін өзгертілді.
Осы стандарттың және В8 ЕК 12591-2000 «Битумдық және битуминоздық тұтқырғыш заттар. Жол битударына қойылатын техникадық шарттар» талаптары мына көрсеткіштер деңгейінде үйлеседі:
- 60 °С кезіндегі кинематикалық тұтқырлық;
- тұтану температурасы;
- ерігіштік.
- Мұнда «Кинематикалық тұтқырлық» және «Ерігіштік» көрсеткіштері бірінші рет енгізілді.
Стандартта ВS Е№ 12591-2000 стандартының:
- қатуға тұрақтылығы;
- қатуға тұрақтылығын сынағаннан кейін салмағының өзгеруі;
- қатуға тұрақтылығын сынағаннан кейін 60 °С-дағы тұтқырлыққа қатынасы көрсеткіштері енгізілген жоқ, себебі осы стандартта бұл өлшемдер 1-кестеде көрсетілген «Буланған сүйылтқыш мөлшері» және «Қалдықты жұмсарту температурасы» көрсеткіштері арқылы сипатталады.