Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 05.12.03 Ж. № 67 БҰЙРЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөнінде
орталықтандырылған деректер банкін құру туралы Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2003 ж. 5 желтоқсандағы № 67 бұйрығы

(2008.04.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру мен дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңын, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын қолдану кезінде мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкі құрылсын.

2. "Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін жүргізу туралы" қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Р.С.Хайруллин):

1) әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құруды ұйымдастырсын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, Бас әскери прокурорға, Астана, Алматы қалалары, облыстар және соларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом