Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және
сотта қарастырылу нәтижелерінің бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы
Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде (Бірыңғай бірегейлік статистикалық жүйе)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2005 жылғы 17 маусымдағы
№ 27 Бұйрығы
(2008.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2006.15.09. № 51 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді олардың тергелуі және соттық қарастырылуын бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізуді одан әрі іске асыру мақсатында, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Бас Прокурорының 2006.15.09. № 51 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қылмыстық істерді олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерінің бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу (Бірыңғай бірегейлік статистикалық жүйе) туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (Г.В. Ким) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Бұйрық Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың барлық субъектілеріне және Комитеттің жергілікті органдарына жолдансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуындағы бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.