Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы
(2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 48 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 48 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен мүдделi ұйымдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жыл сайын жарты жыл және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 48 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 20 қазандағы
№ 1077 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 48 Қаулысымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «2010» деген сандар «2011» деген сандармен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың
2005-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Қазақстандағы почта-жинақтау қызметтер рыногының
қазiргi жай-күйiн талдау және проблемалар
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi