Қазақстан Республикасының
Заңы
Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы
Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң ойыншықтар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану, орындау және бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қатерді бағалау - қауіп дәрежесін айқындауды қамтитын, ойыншықтардың адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға ықтимал әсерін анықтауға бағытталған шаралар кешені;
2) ойыншықтар - балалардың тек қана ойын мақсатында пайдалануына арналған бұйымдар;
3) ойыншықтарды Қазақстан Республикасының нарығында орналастыратын тұлға - ойыншықтарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін немесе тегін тарататын жеке немесе заңды тұлға;
4) ойыншықты дұрыс пайдаланбау - ойыншықты дайындаушы көздемеген жағдайларда немесе мақсаттарда пайдалану;
5) ойыншықтың материалы - ойыншықтарды дайындау кезінде пайдаланылатын, олардың қолдану үшін қолжетімді құрамдас бөліктері;
6) пайдаланушы - ойыншықты тікелей пайдаланатын адам;
7) ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық сараптамасы - ойыншықтарды балалардың имандылық-эмоционалдық салауаттылығын сақтау нысанасына зерттеу жүргізу және талдау жасау;
8) тұтынушы - ойыншықтарды сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
9) уәкілетті орган - белгіленген өкілеттіктер шегінде ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) функционалдық ойыншық - ересектер пайдаланатын бұйымдардың немесе құрылғылардың кішірейтілген ауқымдағы моделі болып табылатын, сол мақсатты және сол функцияларды орындауды имитациялайтын ойыншық;