2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 125 шешімі
(2009.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.06.02. № 153 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.18.04. № 181 шешімімен (бұр.ред.қара) 1 тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер 78 899 236,2 мың теңге;
оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша 26 841 584 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша 375 037 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 51 682 615,2 мың теңге;
2) шығындар 78 165 371,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру -69 790,6 мың теңге;
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 1 188 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 1 257 790,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын
операциялар бойынша сальдо 973 000 мың теңге;
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 973 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы -169 344,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру 169 344,9 мың теңге.
2. 2009 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына 20 пайыз, Мұғалжарға 54 пайыз, Хромтауға 51 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;
2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласына 20 пайыз, Мұғалжарға 54 пайыз, Хромтауға 51 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;