Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1, 14 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес карантиндік объктілердің таралу ошақтарын толық жою және оқшаулау мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес шаруашылық субъектілерінің, елді мекендердің және басқа да объектілердің аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
2. Қарағанды облысы аумағында карантиндік арамшөп - жатаған (қызғылт) кекіре ошақтарын шектеу, анықтау және толық жою жөніндегі тіркелген іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Х. Мұсатаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Н.Нығматулин |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2007 жылғы 30 мамыр
№ 12/03 қаулысымен
бекітілген
Қарағанды облысы аумағында карантинді арамшөп-қызғылт
укекіре ошақтарын шектеу, оқшаулау және жою жөніндегі
ІС - ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
| № р/с | Шаралар атауы | Орындалу мерзімі | Орындау түрі | Орындалысына жауаптылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| Карантиндік шектеуге бағытталған шаралар (алдын-алу) |
| 1. | Басқа аудандардан әкелінген импорттық немесе отандық тұқымды себуді және сатуды, сапалық құжаттарының баржоғына қарамастан, қосымша карантиндік тексеруден кейін жүзеге асыру. | себу алдында және себу барысында | Талдауға үлгілерді іріктеу, карантиндік тексеру актілерін жасау, өнімнің фитосанитариялық жай-күйін талдау. | ҚААИ бастықтары (келісім бойынша), «Фитосанитария» РМК Қарағанды облыстық филиалы (келісім бойынша) |