Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2002 ж. 23 тамыздағы № 556 бұйрығы
(2006.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 12 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2006.24.04 № 196 Бұйрығымен бұйрықтың және Нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша: «Астана, Алматы қалалары ішкі істер Бас басқармасының, облыстардағы ішкі істер Бас Басқармасының - ішкі істер Басқармасының», «облыстардың ішкі істер Бас Басқармасына - ішкі істер Басқармасына (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ)», «Астана, Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ», «ІІББ-ІІБ» деген сөздері тиісінше «Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері», «облыстардың Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД)», «ІІД» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы Департаментінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері бастықтары:
1) осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын, көші-қон полициясы жеке құрамының оны оқып - үйренуін ұйымдастырсын және оның талаптарын бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін;
2) қалалық, аудандық ішкі істер органдарына тұратын жері бойынша өтініш берушілерді, оларға тиісті сауалнама - өтініштер бланкілерін беруді, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелер жөнінде материалдарды қарау және тіркеуге қабылдауды тапсырсын. Өтініш беруші және оның барлық жақын туыстары туралы қажетті мәліметтерді алуды қамтамасыз етсін және көрсетілген материалдарды бағыныстылығы бойынша облыстық ішкі істер басқармаларына жіберсін;