Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Ережені бекіту жөнінде
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысы
(2008.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген мыналар бекітілсін:
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ереже;
Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ереже;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007.28.08. № 198 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті оны жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарды жүргізу қамтамасыз етілсін.
3. Петропавл қаласы мен аудандар әкіміне:
- көрсетілген Ереженің орындалуына жағдай жасалсын;
- кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі, қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, еңбекке қатысқандардың жалақы мөлшері және оларды қаржыландыру көзі бекітілсін;
- әртүрлі халық тобын жұмыспен қамсыздандыру мақсатында қоғамдық жұмыстарды қолдану саласындағы басым бағыттар жыл сайын кеңейтіле түссін, аудандық (қалалық) еңбек рыногіндегі сұраныс пен олардың облыс экономикасына инвестициялық салымын ескеріле отырып;
- еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық мәліметтер жиынтығын қалыптастыру мақсатында Петропавл қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарын Интернет арқылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 1.08.2001 ж. мерзімге дейін WЕВ - сайтына қосу көзделсін.