Введите номер документа
Прайс-лист

«1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттама» (1953 жылғы 7 желтоқсанда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 7 декабря 1953
Статус
Действующийвведен в действие с 7 декабря 1953
Дата последнего измененияпонедельник, 7 декабря 1953

1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы

хаттама
(1953 жылғы 7 желтоқсанда)

 

2008 жылғы 5 ақпандағы № 19-IV ҚР Заңымен ратификацияланды

 

2008 жылғы 1 мамырда күшіне енді

 

Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер,

1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы конвенция (бұдан әрі «Конвенция» деп аталатын) бойынша, Ұлттар Лигасына кейбір міндеттер мен функциялар жүктелгенін назарға ала отырып, және

бұдан кейін бұл міндеттер мен функцияларды атқаруды Біріккен Ұлттар Ұйымы өзіне қабылдауын мақсатқа сай деп есептей отырып;

төмендегілер туралы келісті:

 

 

І-бап

 

Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер, өздерінің қарым-қатынастарында, осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес Конвенцияға енгізілген және осы Хаттамаға қосымшада баяндалған түзетулердің заңды күші мен мағынасын қабылдауға және тиісті түрде оларды қолдануға міндеттенеді.

 

 

ІІ-бап

 

1. Осы Хаттама Конвенцияға қатысушы кез-келген мемлекеттің қол қоюы және қабылдауы үшін ашық, осы мақсаттарда оған Бас хатшы осы Хаттаманың көшірмесін жолдайды.

2. Мемлекеттер осы Хаттамаға:

а) қабылдауға қатысты ескертулерсіз қол қою;

b) одан кейін қабылдануға тиісті, қабылдауға қатысты ескертулермен қол қою;

с) қабылдау арқылы қатысушы бола алады.

3. Қабылдау Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына формальды актіні сақтауға беру арқылы жүргізіледі.

 

 

ІІІ-бап

 

1. Осы Хаттама кемінде екі мемлекет оған қатысушы болған күні күшіне енеді және бұдан кейін әр мемлекетке қатысты ол Хаттамаға қатысушы болған күні күшіне енеді.

2. Осы Хаттаманың Қосымшасында баяндалған түзетулер Хаттамаға жиырма үш мемлекет қатысушы болғаннан кейін күшіне енеді және одан кейін мұндай түзетулер күшіне енгеннен кейін Конвенцияға қатысушы болған әрбір мемлекет, тиісінше өзгертілген Конвенцияға қатысушы болады.

 

 

ІV-бап

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами