Орал қаласы бойынша 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды және жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 26 қаулысы
(2009.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мақсатты топтарға жататын, бастапқы және орта немесе жоғарғы кәсіптік оқу орындарын бітіргендерге мамандығы бойынша дипломнан кейінгі еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, алдағы уақытта жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және алғашқы еңбек өтіліне жағдай жасау үшін жастар практикасын ұйымдастыру және жазғы демалыс кезінде жұмыссыздар ретінде тіркелген оқушыларға қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
3. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың жетекшілері осы қаулыны орындауға қабылдасын.