Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 178 Қаулысы
(2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.03. № 41 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі өтініш мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) сақтандыру шартының түрі Заңның 4 тармағының 10 бабына сәйкес;
2) өтініш иесі туралы мәліметтер:
фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты орны, туған жылы жүргізушінің куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізу өтілі;
атауы, тұрғылықты орны (заңды тұлға үшін);
телефон нөмірі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-бірегейлендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) (бар болса);
экономика секторының коды;
резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес);
3) автомобиль көлігі туралы мәліметтер (кешенді шартты жасағанда әрбір көліктік құрал туралы мәліметтер көрсетіледі);
тіркеу орны;