Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісім (Сеул қ., 2010 жылғы 22 сәуірде)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 22 апреля 2010
Статус
Действующийвведен в действие с 22 апреля 2010
Дата последнего изменениячетверг, 22 апреля 2010

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы
келісім
(Сеул қ., 2010 жылғы 22 сәуірде)

 

ҚР 2011 жылғы 23 мамырдағы № 438-ІV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 1 тамызда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі,

екі елдің арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің болуы мен жұмыс істеуінің жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында,

1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын назарға ала отырып,

төмендегілер туралы келісті.

 

 

1 бап

 

Қазақстан тарабы Корея Республикасының Елшілігі ғимаратын салу үшін Астана қаласындағы Обаған көшесі мен Арғанаты көшесінің қиылысындағы жалпы алаңы 1 га және Корея Республикасы Елшілігі резиденциясының ғимаратын салу үшін Обаған көшесінде орналасқан жалпы алаңы 0,5 га жер учаскелерін уақытша ақылы жер пайдалануға (жалға алуға) 49 жыл мерзімге Корея тарабына береді.

Жалға алу мерзімі тоқтатылған жағдайда Қазақстан тарабы осы Келісімде көзделген жер учаскелерін қайтарып алады, бұл ретте Корея тарабы осы Келісімге сәйкес жоғарыда көрсетілген жер учаскелерінде салынған ғимараттарға меншік құқығын сақтап қалады.

 

 

2-бап

 

Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелері жер учаскелерін жалға алғаны үшін төлемдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес алынатын барлық салықтардан, алымдардан, баждардан босатылады.

 

 

3-бап

 

Осы Келісім күшіне енгеннен кейін 180 күн ішінде Корея тарабы осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелерін жалға алудың шарттарын жергілікті атқарушы органдармен келіседі және бір жолғы тәртіппен 49 жыл үшін төлем төлейді. Жалға алу ақысының мөлшері жылына 1 шаршы метрге 34 теңге 74 тиынды құрайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами