Введите номер документа
Прайс-лист

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 158-ө Өкімі

Информация о документе
Датапятница, 6 ноября 2009
Статус
Действующийвведен в действие с 6 ноября 2009
Дата последнего измененияпятница, 6 ноября 2009

Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 158-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

3. Мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерді «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес келтірсін.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы өкімді орындауды бақылауды жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2009 жылғы 6 қарашадағы

№ 158-ө өкімімен

бекітілген

 

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

 

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1.

Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржаларының, брокерлер мен дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2009 жылғы қараша

2.

Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2009 жылғы қараша

3.

Биржалық тауарлардың тізбесін және тауар биржалары арқылы өткізілетін, ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2009 жылғы қараша

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2009 жылғы қараша

 

Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами