Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002.05.04. № 407 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір № 407

(2007.10.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тiзбесi;

2) Күзетшi мен жеке күзетшi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi бекітілсiн.

2. Жеке күзетшiлердi, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріндегі, мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелеріндегі күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орталықтары белгiленсiн.

3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсiпкер мен заңды тұлға күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi санының нормативi:

бiр тәулiктiк бiр күзет постына 4,5 штат күзет бiрлiгі;

он екi сағаттық бiр күзет постына 2,25 штат күзет бiрлiгi;

сегiз сағаттық бiр күзет постына 1,5 штат күзет бiрлiгi болып бекітілсiн.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

И. Тасмағамбетов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 5 сәуірдегі

№ 407 қаулысымен

бекітілген

Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық

күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары

мен арнаулы техникалық құралдардың

ТIЗБЕСI

 

1. Арнаулы қорғау құралдары:

1) резина таяқшалары;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом