Введите номер документа
Прайс-лист

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісім (Ялта қ., 2009 жыл 20 қараша) (2017.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапятница, 20 ноября 2009
Статус
Действующийвведен в действие с 20 ноября 2009
Дата последнего измененияпятница, 3 ноября 2017

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардыңшығарылған елін айқындау ережесі туралы
келісім
(Ялта қ., 2009 жыл 20 қараша)
(2017.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1478 Қаулысымен бекітілді

2011 жылғы 16 наурызда күшіне енді

 

Осы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасын қараңыз

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,

1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімді және 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы туралы келісімді басшылыққа ала отырып,

еркін сауда аймағының тиісінше және тиімді жұмыс істеу қажеттігін ескере отырып,

тауарлардың еркін қозғалысы үшін жағдай жасау мақсатында,

тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай тәртібін белгілеуге ұмтыла отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Тараптар тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесін қабылдайды.

 

 

2-бап

 

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Келісімнің 4-бабына сәйкес күшіне енетін хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

 

3-бап

 

Тараптар арасында осы Келісімнің ережелерін қолдану мен түсіндіру кезінде туындайтын даулы мәселелер Тараптардың консультациялары және келіссөздері жолымен шешіледі.

 

 

4-бап

 

Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Мемлекетішілік рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом