Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылдың 11 наурыздағы № 171 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1999 жылғы 2 желтоқсан «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын әлеуметтік жағынан Қорғау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай (ақшалай төлем құралдары облыстыҚ бюджет құралдарынан) Қамту 25 есе айлық есеп төлем көрсеткішімен белгіленсін.
2. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының сапына кіретін, халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда жоғары спорт жетістіктеріне қол жеткізген облыстың 10 спортшысына ай сайын ақшалай қамту (бұдан әрі - ақшалай қамту) белгіленеді.
4. Ақшалай қамтуды төлеу кезеңі - ағымдағы күнтізбелік (қаржылық) жыл.
5.Ақшалай қамтуды алуға үміткерлердің тізімдік құрамы қажеттілігіне қарай облыстың дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұсынуы бойынша жұмыс тобының шешімінің негізінде жылына 2 рет анықталады.
6.Ақшалай қамту жөніндегі жұмыс тобының шешімі мәжілісте ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.