Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 Қаулысы
(2009.07.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2007.18.09. № 816 (бұр.ред.қара); 2009.16.03. № 331 (бұр.ред.қара); 2009.07.10. № 1541 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізілім өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 561 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің тізілімі
| р/с № | Қызметтердің атауы | Тұтынушылар | Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік орган | Өтініштер қабылдауды және ресімделген құжаттар беруді жүзеге асыратын ұйымдар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1-бөлім. Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды, шетелдік азаматтарды тіркеу |
| Республикалық деңгейде көрсетілетін қызметтер |
| 1 | Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу | Жеке тұлғалар | Әділетмині | ХҚО |
| 2 | Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару | Жеке тұлғалар | Әділетмині | ХҚО |
| 3 | Азаматтық хал актілерін тіркеу | Жеке тұлғалар | Әділетмині | ХҚО; аудандық әділет басқармалары |
| 4 | Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру | Жеке тұлғалар | Әділетмині | ХҚО |
| 5 | Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру | Жеке тұлғалар | Әділетмині | ХҚО |
| 6 | Уақытша жеке куәлік беру | Жеке тұлғалар | Әділетмині | ХҚО |