Введите номер документа
Прайс-лист

«Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 706 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 12 ноября 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 октября 2015

Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 706 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 151-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі;

2) 2-қосымшаға сәйкес Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2412 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу мен есепке алу Ережесін және Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы № 479 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А.Вощенковаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Досқалиев

 

Қазақстан Республикасы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом