Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының
2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешімі
(2008.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» Заңының 3 бабы 8-1 тармақшасына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесі бекітілсін.
2. Қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссияға (О.Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының төрағасы | Қ. Баймұхамбетов |
| IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | Т. Мұқашев |
ІV сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
VІ сессиясының
№ 45 шешімімен
бекітілді
Алматы қаласының аумағын көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ
1 бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесі (бұдан әрі - Ереже), Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»,