«2009 жылға арналған областық бюджет туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 13/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20/15 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 108-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Облыстық мәслихаттың IV шақырымы он үшінші сессиясының «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 13/2 шешіміне (2009 жылғы 19 қаңтардағы № 1698 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Солтүстік Қазақстан», 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған), мына өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшада
«62 590 411» цифрлары «62 490 499,2» цифрларымен ауыстырылсын;
«6 607 505» цифрлары «6 507 384,2» цифрларымен ауыстырылсын;
«455 126» цифрлары «455 335» цифрларымен ауыстырылсын;
2) тармақшада
«62 669 694» цифрлары «62 649 782,2» цифрларымен ауыстырылсын;
4) тармақшада
«75 000» цифрлары «-5 000» цифрларымен ауыстырылсын;
«қаржылық активтерін сатып алу - 98 000 мың теңге;», «қаржылық активтерін сатып алу - 80 000 мың теңге» жолы алынып тасталынсын;
көрсетілген шешімге 1, 2-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріледі).
2. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың ХХ сессиясының төрағасы | Т. Ткаченко |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ. Едіресов |
Облыс мәслитхаты сессиясының
2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20/15 шешіміне
1-қосымша
Облыс мәслитхаты сессиясының
2009 жылғы 18 желтоқсандағы № 13/2 шешіміне
1-қосымша
2009 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облыстық бюджетi
Санаты | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| | ішкі сыныбы |
| | | Атауы |
1 | 2 | 3 | А | Б |
| | | 1) Кірістер | 62 490 499,2 |
1 | | | Салықтық түсімдер | 6 507 384,2 |
| 01 | | Табыс салығы | 5 764 517,2 |