Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 Қаулысы
(2008.08.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары және өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 13 қазандағы
№ 995 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндетi
5. Бағдарламаны іске асыру бағыттары мен тетігi
5.1. Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру
5.2. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды даярлау
5.3. Қашықтықтан және күндізгі оқыту нысандары бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету
5.4. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту