Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу кезінде осы Тұжырымдаманы басшылыққа алу ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 қарашадағы
№ 1122 қаулысымен
Мақұлданған
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Кіріспе
Бәсекеге қабілетті кеңістікті, мемлекеттік тілдің дамуы үшін шарттарды қалыптастыру біздің еліміздің құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде нығаюының және одан әрі дамуының стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен