Әлеуметтік жұмыс орындарымен жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 113 қаулысы
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 2592 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 және «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулыларына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы;
2) кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді (жастар тәжірибесі) ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
2. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К. Ембергенова):
1) халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің тиімді саясатын қамтамасыз етсін, халықтың нысаналы топтарын қолдау үшін қосымша шаралар қарастырсын;
2) осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на Қызылорда қаласының әкімдігіне және «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне берсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Мұхимовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласы
әкімдігінің 2009 жылғы
20 мамырдағы № 1370
қаулысымен бекітілген