Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 611 бұйрығымен бекітілген
Осы редакция 2009 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережесі
(920.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және бірыңғай жер және әлеуметтік салықтарды, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын және Салық кодексінің 439-бабының шарттарына сай келетін бірыңғай жер салығын төлеушілер жасайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (920.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (920.01-ден 920.04-ге дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.
9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.
10. Декларация жасау кезінде: