2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 15 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2008-2010 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы», «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 83163492 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 14640732 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1069783 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 67452977 мың теңге;
2) шығындар - 83212110 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -1074628 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1074628 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо- 136000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 136000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - 890010 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)- -890010 мың теңге.
2. Облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттеріне 2010 жылға арналған әлеуметтік салық, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен ұсталатын шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша мынадай кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін:
| Өскемен қаласына | 16,5 пайыз; |
| Семей қаласына | 88 пайыз; |
| Риддер қаласына | 95 пайыз; |
| Бородулиха ауданына | 35,5 пайыз; |
| Глубокое ауданына | 69,1 пайыз; |
| Шемонаиха ауданына | 49,5 пайыз; |