Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 574 Бұйрығымен бекітілге
Жеке табыс салығы және
әлеуметтік салық бойынша
декларацияға (200.00-нысан)
қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережелері
(200.00-нысан)
(2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - зейнетақымен қамсыздандыру Заңы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
Ереже жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептерінің нысанын жасау тәртібін (декларация) айқындайды (бұдан әрі - Декларация), жеке табыс салығын, әлеуметтік салықтарды есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын сомаларын аударуға (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеу, ұстау (қоса есептеу) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - әлеуметтік аударым) әлеуметтік аударымның сомаларын есептеуге, ұстауға (қоса есептеуге) арналған.