2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с шешімі
(2010.15.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010.15.01. № 29/280-4с шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қала бюджетінің 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 17 822 870 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 14 762 291 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 123 379 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 383 010 мың теңге;
трансферттер түсімі - 554 190 мың теңге;
2) шығындар - 17 115 543 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 11 648 мың теңге:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 648 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 718 975 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 718 975 мың теңге:
қарыздарды өтеу - 1 565 000 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары - 846 025 мың теңге.
2. Қала әкімдігінің 2010 жылға арналған резерві 160 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2010 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы мақсатты нысаналы трансферттері келесідей шығындарға қарастырылғаны ескерілсін:
- ВИЧ жұқтырған балалары бар отбасыларға сәбиге қарау бойынша ай сайынғы өтемақы төлеуге - 13 140 мың теңге;
- жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға - 17 688 мың теңге;