Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 122 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар) қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері 50 000 000 (елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.):
1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;