Алматы облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 26-162 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 28 қаңтар енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8 - бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1 - тармақшасына және Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиесінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға төмендегі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер - 165436984 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 14539572 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 29396 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 9000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 150859016 мың теңге, оның ішінде:
аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар - 14989520 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы - 131395480 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 26416717 мың теңге, оның ішінде:
білім беруге - 1663728 мың теңге;
денсаулық сақтауға - 6486388 мың теңге;
әлеуметтік көмекке - 1107546 мың теңге;
мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға - 144098 мың теңге;
елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін - 44113 мың теңге;
ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар - 6676581 мың теңге;
автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге - 1059509 мың теңге;
халыққа қызмет корсету орталықтарын ұстауға - 561628 мың теңге;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде қоршаған қорғау саласында берілетін функцияларды іске асыруға - 1815 мың теңге;