2010 - 2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 16/143 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75 бабы 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ етеді:
1. Аудан бюджетінің 2010-2012 жылдарға, соның ішінде 2010 жылға арналған 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 1 679 557 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдері - 239 720 мың теңге;
салық емес түсімдер - 2 040 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 287 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 1 437 510 мың теңге;
2) шығыстар - 1 672 557 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - нөлге тең;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 7000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 7000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - нөлге тең;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - нөлге тең.
2. 2010 жылға арналған аудан бюджетінде 1 393 130 мың теңге субвенциялар көлемі ескерілсін.
3. Бюджет саласындағы еңбек төлеу қорының 134 574 мың тенге сомасында өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджетке бөлінетін нысаналы ағымдағы трансферттер ескерілсін.
4. Жергілікті атқарушы органның 2010 жылға арналған резерві 4 257 мың теңге сомасында бекітілсін.
5. 2010 жылға арналған аудандық бюджетті атқару үдерісінде секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6. Ауылдық округтердің 2010 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.