2010 жылға аудан бойынша халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 16 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.
2. «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (А.Қожатілеу) нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін.
3. «Темір аудандық қаржы бөлімі» ММ (М.Ербатыров) «Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өтеповке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
8 ақпандағы № 16 қаулысымен
бекітілген
2010 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс
орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізбесі:
№ | Мекемелердің атауы |
1 | «Ерғалиев» жеке кәсіпкер (келісім бойынша) |
2 | «Мирас» дүкені (келісім бойынша) |
3 | «Жамиля» кафесі (келісім бойынша) |
4 | «Ниязбек» ЖШС (келісім бойынша) |
5 | «Биби-Фатима» дүкені (келісім бойынша) |
6 | «Мирас» кафесі (келісім бойынша) |
7 | «Сириус» (келісім бойынша) |