2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 103/19 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 75 бабының 2 тармағына және Павлодар облыстық Мәслихаттың (IV шақырылым, ХXІ сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы «2010-2012 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы» № 259/21 шешіміне (Әділет департаментінде МТН 3147 нөмірімен 23.12. 2009 жылы тіркелген) сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2010 - 2012 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 1503508 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері бойынша - 142111 мың теңге;
салық емес түсімдер бойынша - 2907 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 62 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 1358428 мың теңге;
2) шығындар - 1496408 мың теңге;
3) операциялық сальдо - нөлге тең;
4) таза бюджеттік несиелеу - нөлге тең;
оның ішінде:
бюджеттік несиелер - нөлге тең;
бюджеттік несиелерді өтеу - нөлге тең;
5) қаржылық активтер бойынша операциялар сальдосы - 7100 мың теңге; оның ішінде:
қаржылық активтер сатып алу - 7100 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы (профицит) - нөлге тең;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - нөлге тең, оның ішінде:
заемнан түсімдер - нөлге тең;
заемдарды жабу - нөлге тең.
2. Облыстық бюджеттен табыс етілетін, жалпы сомасы 3800450 мың теңге субвенция көлемі аудандық бюджетте қарастырылсын, оның ішінде:
2010 жылы - 1234650 мың теңге;
2011 жылы - 1242606 мың теңге;
2012 жылы - 1323194 мың теңге.
3. Облыстық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер 2010 жылға арналған аудандық бюджетте келесі көлемде қарастырылсын: