Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2009 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1216 Қаулысы
(2009.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1216 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2009-2011
жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Астана
Мазмұны
1. Қазғарыштың миссиясы мен көрінісі
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3. Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
4. Қазғарыштың функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекелдер
5. Нормативтік құқықтық актілер
6. Бюджеттік бағдарламалар
7. Сектораралық өзара іс-қимыл
1. Қазғарыштың миссиясы және көрінісі
Миссия: ел үшін жаңа сындарлы ғарыш саласын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғарыш қызметінің басымды бағыттарын белгілеу және іске асыру.
Көрінісі: Қазғарыш ғарыш саласын болашақта Қазақстанның дүниежүзінің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуіне ықпал ететін, экономиканың ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық секторы ретінде көреді.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
2007 жылғы наурызда құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (бұдан әрі - Қазғарыш) негізгі міндеті ел үшін жаңа ғарыш саласын қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кезеңде дүниежүзіндегі ғарыш қызметі және оның ғылыми-өндірістік базасы, дамудың әмбебап заңдылықтары мен үрдістеріне бағынатын ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін саласы болды. Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыш саласы динамикалық және тұрақты дамуды көрсетеді. Жалпы әлемдік ғарыш қызметінің құрылымында мынадай негізгі сегменттер мен стратегиялық бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
спутниктік байланыс және хабар тарату жүйелерінің қызметтері:
Жерді қашықтықтан зондтау жүйелерінің қызметтері;
іске қосу қызметтерін көрсету;
ғарыш аппараттарын өндіру;
ғарыш жүйелерінің жер үсті, оның ішінде навигациялық жабдығын өндіру және пайдалану.
Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттарын таңдау еліміздегі реттелетін саланы дамыту проблемаларын, сондай-ақ ғарыш қызметі (космонавтика) дамуының жалпы әлемдік тенденцияларын қысқаша талдауға негізделеді.
1. Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметінің дамуы.
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің жүйелі түрде дамуының басталуын Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған бірінші ғарыштық мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі - Бағдарлама) қабылдаумен объективті байланыстырады.
Бағдарлама бойынша жұмыс 8 бағыт бойынша жүргізілді:
түрлі мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын жасау және ұшыру үшін негіздер әзірлеу;
жер үсті инфрақұрылымын дамыту және түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын басқару;
қазақстандық ғарышкерлердің ұшу уақытында Халықаралық ғарыш станциясының бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер бағдарламасын әзірлеу;
спутниктік телекоммуникациялық желілер негізінде ақпараттық ғарыш технологияларын дамыту;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш, оның ішінде қоршаған орта жағдайы мониторингінің жүйесін дамыту;
зымыран-ғарыш кешендерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық қауіпсіздігінің жүйесін құру;
ғарыш қызметін кадрлармен қамтамасыз ету;
ғарыш қызметін дамытудың нормативтік құқықтық базасын және экономикалық қамтамасыз етуді жетілдіру.
Бағдарламаны іске асыру барысында космонавтика дамуының жалпы әлемдік тенденцияларымен байланыстырылған белгілі нәтижелер алынды.
Атап айтқанда, «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру жобасы іске асырылды, «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» экологиялық қауіпсіз ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК), Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және ғылыми мақсаттағы, жоғары дәлдікті спутниктік навигацияның ғарыш жүйелерін құрудың техникалық ұсыныстары мен техникалық экономикалық негіздемелері (ТЭН) әзірленді.
«Орбита» радиополигонының техникалық құралдары және Алматы қаласындағы «Космостанцияның» эксперименттік базасы жаңғыртылды, атап айтқанда зертхана үй-жайлары қайта құрылды және жаңғыртылды, полигон мен базаның инфрақұрылымы қалпына келтірілді.
Халықаралық ғарыш станциясының бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізудің кешенді бағдарламасы әзірленді. Ғарыш кеңістігінің радиациялық мониторингі, жоғары атмосферадағы оптикалық құбылыстарды зерттеу және шетел ғалымдарымен басқа бірлескен зерттеулер саласында бір қатар ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің, зымыран-ғарыш кешендерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық қауіпсіздігі мониторингі жүйесінің базалық инфрақұрылымын дамыту бөлігінде жұмыстар жүргізілді және белгілі нәтижелер алынды. Бағдарламаның Іс-шаралар жоспарының шеңберінде «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді және Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға енгізілді.
Сонымен катар, 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаның орындалу жағдайын талдау Бағдарламаның жекелеген жобаларын іске асыруға көзделген қаражаттың игерілмеуіне әкеліп соққан бірқатар проблемалар мен кемшіліктерді анықтады.
Әсіресе, бұл өз ғылыми-техникалық және кадр әлеуеті болмау кезінде техникалық жағынан аса күрделі ғарыш жүйелері мен кешендерін құрумен байланысты Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға қатысты. Нақты, Бағдарламаны іске асыру кезеңінде ғарыш бейініндегі ұйымдар үшін мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесі қалыптасқан жоқ.
Бұның негізгі себебі, осы кезеңге арналған ғарыш қызметін дамытудың айқын белгіленген даму стратегиясының, сондай-ақ Бағдарламаның іс-шараларын басқару және іске асыру мониторингінің тиімді жүйесінің болмауы болып табылды. Бұдан басқа, 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаның әзірлеушісі жоспарланған кезеңде айқын жүзеге асырылмайтын міндеттерді қойған.
Анықталған жүйелі қателерді жою үшін мыналарды қамтамасыз ету қажет:
ғарыш қызметін дамыту үшін толық бағалы нормативтік құқықтық база қалыптастыру;
қазіргі ақпараттық негізде және ғарыш жобалары мен бағдарламаларын іске асыру нәтижелерінің мониторингін, жобалар менеджменті мен басқаруды қамтитын технологиялардағы ғарыш қызметін дамытуды мемлекеттік басқару жүйесін құру;
кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру.
2. Дүниежүзілік ғарыш қызметінің даму үрдістерінің қысқаша сипаттамасы.
Дүниежүзілік космонавтика қазіргі тіршіліктің барлық салаларындағы инновациялық технологиялардың сарқылмайтын және тұрақты дамитын көзі болып табылады. Бұл ретте, ғарыш қызметінің дамуымен дүниежүзілік экономикадағы өндіріс пен қызметтер көрсетудің көптеген салалары тікелей байланысты. Осыған орай жыл сайын ғарыш қызметіне көптеген мемлекеттер мен бірлестіктер ғана емес, ал ірі трансұлттық корпорациялар да назар аударуда. Нарықтың кеңеюі және оның қатысушыларының көбеюі саладағы қаржы қаражатының айналымына әсер етеді.
Еuroconsult 2007 жылғы талдау есебінің деректері бойынша ғарыш қызметіне 79 мемлекет қатысқан. Бұл ретте бұлардың арасынан өз ұлттық ғарыш (азаматтық және әскери) бағдарламаларын белсенді және мақсатқа сай дамытатын, өз ғарыш аппараттары бар, белгілі ғарыш қызметтерін коммерциялық негізде көрсететін, халықаралық ғарыш жобаларына белсенді қатысатын 39 мемлекет ерекше көзге түседі.
Жалпы бұл мемлекеттер ғарыш нарығының аса жоғары бәсекеге қабілетті тобы болып табылады.
Дүниежүзілік ғарыш нарығы жоғары технологиялардың дүниежүзілік нарығының ірі және тез дамитын сегменті болып табылады. Дүниежүзілік ғарыш қызметінің коммерциялануының қарқыны өсуде. Деректер бойынша 1990 жылдардың ортасында кірісі 77 млрд. АҚШ долларын құраған ғарыш индустриясы дүниежүзінде миллионнан астам адамды жұмыспен қамтыған әлемдік экономиканың ірі коммерциялық жағынан тартымды құрастырушысына айналды. Коммерциялық спутниктік қызметтерге сұраныстың артуы дүниежүзілік аэроғарыш саласының едәуір көтерілуіне апарады. 1999 жылмен салыстырғанда 2005 жылы оның ортажылдық кірісі 93,3% өсті, есімі абсолютты сандармен 168,2 млрд. АҚШ долларын, 2006 жылы - 220 млрд АҚШ долларын құрады. Қазіргі уақытта дүниежүзілік ғарыш нарығы жыл сайынғы өсімнің 10 пайызынан астамын көрсетеді, ал 2007 жылдың аяғындағы деректер бойынша нарықтың бірлескен көлемі 251,16 млрд. АҚШ долларын құрады.
Ғарыш әзірлемелеріне инвестициялардың 60 % жеке компанияларға тиесілі, демек ғарыш - ақша табуға болатын бизнес екенін тұжырымдауға болады. Sрасе Ғоundаtіоn (АҚШ) компаниясы ғарыш қызметі нарығының жағдайы туралы есептерді жыл сайын жариялайды. Құжат ғарышты игерудегі табыстарды бағалаудың жаңа формасы болды, сонымен қатар ғаламдық экономикада жеке толық бағалы нарық қалыптасқанын мойындайды: 2006 жылы ол 18% өсті, ал 2007 жылғы өсімі өткен жылмен салыстырғанда 11% құрады. Түсетін ақшаның маңызды бөлігін "ғарыш маңындағы" активтер ең қызметтерден алатын 31 компанияның көрсеткіштерінің негізінде Sрасе Ғoundatіоn ғарыш индустриясының даму динамикасын көрсететін өз индексін жасады. Атап айтқанда, 2005 жылдан бастап Sрасе Ғоundаtіоn индексі 45% өсті, 2007 жылы NАSDАG және S&Р500 сияқты ірі дүниежүзілік индекстерді едәуір басып озды.
Ғарыш нарығындағы инвестор ілеспелі ғарыш қызметтерінің, яғни ғарыш техникасын жасаумен, өндірумен, ұшырумен және пайдаланумен тікелей байланысты емес қызметтердің кең спектрінің болуы сияқты ерекшелігін ескеруге тиіс. Ғарыштық сақтандыру, жарнама, мамандар даярлау және т.б салалар дамуда.
2007 жылдың соңғы айларында ғарыш индексінің сызығы кенет жоғары көтерілді. Сарапшылардың бағалары бойынша бұл GPS-навигациясымен айналысатын, спутниктік теледабылдар беретін компаниялар, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымында маманданған фирмалар көрсеткіштерінің өсуіне байланысты. Бір жылдан сәл артық мерзімде Garmin, Тrіmblе Nаvіgаtіоn және Gіlat Satellite Networks сияқты компаниялардың капиталдануы екі есе өсті. Осы уақыт ішінде Orbital Sсіеnses, ЕchоStаr, DirecТV, Lоосkhееd Маrtіn, Lоrаl, Наrrіs, LodgeNet Еntertіаnmеnt және Соmtесh ең аз дегенде 40% өсті. Бұл ғарыш индустриясын дамытумен айналысатын ең қолайлы сәт екенін көрсетеді.
Болжамдар бойынша алдымыздағы болашақта он жылдық стагнациядан кейін әлемдік ғарыш индустриясын және іске қосу қызметтерінің нарығын өркендеуі күтіледі. Аvіаtіоn Wеек & Spасе Technology деректері бойынша қарқындаудың бірінші белгілері 2006 жылдың аяғында білінген, осы кезде дүниежүзілік спутниктік байланыс операторлары геостационарлық орбитадағы спутниктер арқылы ұтқырлы байланыстың жаңа қызметтерін және мультимедиялық сервистерді дамыту жөніндегі өз орта мерзімді жоспарларын жариялады. Атап айтқанда, төменгі орбиталық спутниктердің жаңа буынына және қорғаныс мақсатындағы жаңа спутниктерге тапсырыстар АҚШ, Еуропа және басқа елдерде күтілуде. Бұл ретте осы спутниктерді жеткізудің негізгі операторы Ресей болып табылады.
3. Экономика және қоғам алдындағы міндеттер тұрғысынан ғарыш саласын қалыптастырудың негізгі проблемалары.
Ғарыш қызметін дамытудың жалпы тенденциялары Қазақстан Республикасының дүниежүзілік ғарыш нарығында өз орнын белсенді іздеуді талап етеді. Қазақстан Республикасы өз ғарыш бағдарламасын өте қиын жағдайларды дамытуда. Ол мыналармен байланысты:
біріншіден, нарықта көшбасшы позицияларында тұрған, агрессивті маркетингтік саясат жүргізетін және нарықты өзара бөліп алған ғарыш қызметінің негізгі қатысушыларының (АҚШ, РФ, ЕКА, Жапония, КХР, Үндістан, Израиль) арасындағы үдемелі бәсекелестік;
екіншіден, қазақстандық бағдарлама әлемдік қауымдастықтың экономикалық-индустриялық даму деңгейі әртүрлі мемлекеттерінің ғарыш қызметіне белсенді кіру кезінде дамуда.
Қазіргі уақытта Қазақстанда республиканың «үлкен ғарыш клубы» елдерінің қатарына кіру үшін қажетті құрастырушылары бар. Сонымен қатар, Қазақстанның ғарыш саласын дамыту болашағын бағалау кезінде мынадай проблемалардың барын ескеру қажет:
нақты қажет нарықпен, жоғары технологиялық және инновациялық өндірістер аясындағы әзірлемелермен айналысатын ғылыми және сынау-конструкторлық орталықтардың жоқтығы;
ғарыш негіздерінің, сондай-ақ жалпы жоғары технологиялық және инновациялық өндірістің жоқтығы;
орта және жоғары техникалық білім жүйесінің нашар дамуы, ғарыш саласындағы ғылыми және кәсіптік кадрларды оқыту және даярлау жүйесінің жоқтығы;
ғылыми-өндірістік, жоғары технологиялық, инновациялық және салық аясындағы заң базасының нашар дайындығы, сондай-ақ ғарыш қызметін реттейтін заңдардың толық жоқтығы;
болашақ тұрғысынан ғарыш қызметін дамытудың үлкен және болжауға келмейтін тәуекелдерінің болуы;
заңды қамтамасыз етудің және соңғы тұтынушыға кеңінен қолдану үшін ғарыш қызметінің нәтижелерін жеткізу инфрақұрылымының жоқтығы;
ғарыш қызметіндегі менеджменттің тиімді мемлекеттік және тәуелсіз аудитінің жоқтығы.
4. Ғарыш қызметін дамытудың стратегиялық бағыттарын таңдау.
Сонымен, жүргізілген талдау нәтижелерін, дүниежүзілік ғарыш қызметінің жағдайы мен тенденцияларын ескере отырып, Қазғарыштың Стратегиялық жоспарының ұзақ мерзімді басымды бағыттары анықталды:
мақсатты ғарыш жүйелерін, технологияларын жасау және оларды пайдалану;
"Байқоңыр" кешенін және ғарыш аппараттарын шығару құралдарын дамыту;
ғарыш қызметінің ғылыми және тәжірибелік-эксперименттік базасын дамыту;
ғарыш қызметін институционалды қамтамасыз ету.
3. Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері
Қазақстан Республикасында сындарлы ғарыш саласын қалыптастыру үшін мынадай бағыттар белгіленді:
1. Мақсатты ғарыш жүйелерін, технологияларын жасау және оларды пайдалану;
2. «Байқоңыр» кешенін және ғарыш аппараттарын шығару құралдарын дамыту;
3. Ғарыш қызметінің ғылыми және тәжірибелік-эксперименттік базасын дамыту;
4. Ғарыш қызметін институционалды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2009.14.05 № 723 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, қызметін дамытудың
стратегиялық мақсаттары және негізгі индикаторлары
1-қосымша
| 1. Стратегиялық бағыт Мақсатты ғарыш жүйелерін, технологияларын жасау және оларды пайдалану |
| 1.1. мақсат Спутниктік байланыс, цифрлы теле- және радиохабар таратудың ішкі және сыртқы тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру. | Мақсатты индикатор | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Тұтынушыларды спутниктік байланыс және теле- және радиохабарымен қамтамасыз ету тұрақтылығы, % | - | - | 50 |
| Қазақстандық операторлардың халықаралық операторлардан спутниктік каналдарды жалға алу шығындарын қысқарту, % | - | - | 25 |
| Міндеттер: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 1.1.1. "KazSat" сериялы байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттың (ҒА) жасау және ұшыру | "KazSat-2" байланыс және хабар тарату ғарыш аппаратын ұшыру, ҒА-мөлшері | - | 1 | - |
| "KazSat-3" (бұдан әрі - KazSat-3) байланыс және хабар тарату ғарыш аппаратына техникалық тапсырманы жасау, % орындалуы | 100 | - | - |
| "KazSat-2" техникалық экономикалық негіздеме жасау, % орындалуы | 100 | - | - |
| "KazSat-3" конструкторлық құжаттама жасау, % орындалуы | - | 100 | - |
| "KazSat-3" ҒА дайындау, % орындалуы | - | - | 10 |
| 1.1.2. Геостационарлық ҒА үшін орбиталық позицияларды бөлу және Қазақстан Республикасына бекіту мәселелерін шешу (АБА-мен бірге) | Позициялардың мөлшері | - | 2 | - |
| 1.1.3. "KazSat" сериялы ҒА жерүсті басқару кешенін және байланыс мониторингі жүйесін (ЖБК БМЖ) дамыту | Басқаратын ҒА саны бойынша ЖБК мүмкіндіктерін кеңейту, ҒА саны | - | 1 | 1 |
| Өткізу қабілетін көбейту, транспондерлер саны | - | 16 | 16 |
| 1.2. мақсат | Мақсатты индикатор | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Экономика салалары, сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шұғыл мониторинг ақпаратын және Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗҒЖ) деректерін алу саласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жоғарылату; | Тұтынушыларға ғарыш түсірілімдерін ұсыну, тұтынушылар саны (2012 жылдан бастап). | - | - | - |
| Әртүрлі ғарыш түсірілімдерін жүйелі алып тұру, айына бір рет, 2012 жылдан бастап. | - | - | - |
| Міндеттер: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 1.2.1. Жерді қашықтан зондтау ұлттық ғарыш жүйесін құру (ЖҚЗ ҰҒЖ) | Жоғары шешімді оптикалық спутник жасау, бірл. (2012 жыл) | - | - | - |
| Орта шешімді оптикалық спутник жасау, бірл. (2012 жыл) | - | - | - |
| Спутникті басқару орталығын құру, бірл. | - | - | 1 |
| Ғарыш ақпараттарын қабылдау және өңдеу үшін жерүсті мақсатты кешенін құру | - | - | 1 |
| 1.2.2. Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесін (ҰҒМЖ) дамыту | ЖҚЗ ақпаратын тематикалық өңдеу технологиялық кешендерінің саны, бірл. | 3 | 6 | 10 |
| 1.3. мақсат Қазіргі заманғы спутниктік навигация қызметтеріне ішкі және сыртқы (азаматтық және әскери) тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру | Мақсатты индикатор | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Спутникті навигация жүйелерін қолдану арқылы мақсаттарды орындау (көлікті координатты-уақытты қамтамасыз ету), тұтынушылар. | - | - | ККМ ТЖМ Қоршағанортамині Қорғанысмині Коммерциялық ұйымдар |
| Мақсаттар: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 1.3.1. Жоғары дәлдікті спутниктік навигациясының өңірлік жүйесін құру | Өңірлік орталықтар саны, бірл. | - | - | 3 |
| 1.3.2. Координатты-уақытты ақпарат пайдаланушылар инфрақұрылымын құру және өңірлік қызмет көрсету тұтынушылар орталықтарын құру | Қызмет көрсету тұтынушылар орталықтарының саны, бірл. | - | - | 3 |
| 1.3.3. Навигациялық жүйелер ақпараттарын қабылдау, өңдеу және қайта беру жөніндегі орталық құру | Навигациялық жүйелер ақпараттарын қабылдау, өңдеу және қайта беру жөніндегі орталықтар саны, бірл. | - | - | 1 |
| 1.3.4. Навигациялық жабдықты сертификаттау орталықтарын құру | Орталықтар саны, бірл. | - | - | 1 |
| 1.4 мақсат Ғарыш аппараттарын (FA) жобалау және өндіру жөніндегі кешен құру | Мақсатты индикатор | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Мақсаттар: | Мемлекеттік бағдарламалар және басқа жобалар аясында спутниктерді өндіру бойынша тапсырыстарды орындау. FA саны (2012 жылдан бастап) | - | - | - |
| Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 1.4.1. Стратегиялық серіктесті анықтау | Ғарыш техникасын өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорындар заңды тұлғалардың саны | 1 | - | - |
| 1.4.2. Жинау-сынау кешенін салу және жабдықтау | Жинау-сынау кешенін салу және жабдықтауға техникалық жобаны жасау, % орындалуы | 100 | | |
| | Өндіріс кешенінің құрылысы, % орындалуы | - | 10 | 70 |
| 2. Стратегиялық бағыт «Байқоңыр» кешенін және ғарыш аппараттарын шығару құралдарын дамыту |
| 2.1. мақсат Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы негіздері ретінде «Байқоңыр» ғарышалаңын кейінгі қызмет етуін қамтамасыз ету және дамыту | Мақсатты индикатор | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| «Байқоңыр» ғарыш алаңы объектілерін Қазақстан Республикасының пайдалануы (алаңдар саны) | - | 1 | 1 |
| Мақсаттар: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 2.1.1. «Байқоңыр» кешені мүлігін тиімді басқаруды қамтамасыз ету және ғарышалаң инфрақұрылымын дамыту | Ресей Федерациясының жалдан шыққан объектілер және территорияларын пайдалану, қалпына келтіру, алаңдар саны | 7 | 6 | 8 |
| «Байқоңыр» ғарыш айлағында жұмыс істейтін қазақстандық мамандар үшін әлеуметті инфрақұрылым объектілерінің сметалық-жобалық құжаттамаларды қайта жаңғырту, % орындалуы | 100 | - | - |
| «Байқоңыр» ғарыш айлағында жұмыс істейтін қазақстандық мамандар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қайта жаңғырту, % орындалуы | | 1 | 2 |
| 2.1.2. «Байқоңыр» ғарышалаңы объектілерін қорғауды ұйымдастыру | Ведомостық қорғау посттарының саны | 15 | 25 | 33 дейін |
| Жалдан шығарылған, қорғауға жататын объектілер саны | 250 | 450 | 650 дейін |
| 2.2. мақсат Ғарыш аппараттарын шығару құралдарын жасау және дамыту | Мақсатты индикатор | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Іске қосу қызметтерін ұсыну (2013 жылдан бастап), іске косу саны. | - | - | - |
| Мақсаттар: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 2.2.1. «Бәйтерек» экологиялық қауіпсіз ғарыш зымыран кешенін құру (сынау 2012 жылға жоспарланған) | Конструкторлы құжаттама, % орындалуы | 10 | 80 | 10 |
| ҒРК-нің старттық кешенінің құрылысы және қайта жаңғыртылуы, % орындалуы | 10 | 80 | 100 |
| ҒРК-нің техникалық кешенінің құрылысы және қайта жаңғыртылуы, % орындалуы | 10 | 80 | 100 |
| ҒРК-нің старттық кешенін монтаждау, % орындалуы | - | - | 100 |
| ҒРК-нің техникалық кешенін монтаждау, % орындалуы | - | - | 100 |
| 2.2.2. Конструкторлық бюро (КБ) құру | Объектілер саны | - | 1 | - |
| 2.2.3. Зымыран-ғарыш техникасының (ЗҒТ) жиынтығын құру үшін мемлекетте арнайы өнеркәсіптік кәсіпорындар болуы база негізінде өнеркәсіптік-технологияларды ұйымдастыру | Объектілер саны | - | 1 | - |
| 2.2.4. "Зенит" ғарыш зымыран кешенін жетілдіру жөніндегі мәселесін қарау | Техникалық тапсырманы жасау, % орындалуы | - | 100 | - |
| Техникалық экономикалық негіздемені жасау, % орындалуы | - | 100 | - |
| Конструкторлық құжаттаманы жасау, % орындалуы | - | - | 10 |
| 3. Стратегиялық бағыт Ғарыш қызметінің ғылыми және тәжірибелі-эксперименттік базасын дамыту |
| 3.1. мақсат Ғарыш саласының отандық ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту | Мақсатты индикатор | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Зымыранды ғарыш техникасының (ЗҒТ) болашақты үлгілерін жасау, саны | - | 1 | 1 |
| Ғылыми ғарыш технологияларын игеру, саны | - | 2 | 3 |
| Ғарыш қызметі саласында жоғары технологиялық өндірістерді енгізу және қолдану, саны | - | - | 1 |
| Мақсаттар: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 3.1.1. Қазақстан Республикасында ЗҒТ және ғарыш технологияларын дамыту | Тәжірибелік ұсынымдар берумен талдаулар және болжамдар жүргізу, саны | 1 | 2 | 3 |
| 3.1.2. Астрофизикалық және ғарыш зерттеулер ғылыми және тәжірибелік базасын дамыту | Ғылыми-тәжірибелік базасын қайта жаңғырту және дамыту, объектілер саны | 1 | 3 | 6 |
| 3.1.3 Қазақстан жер қабығының жерүсті-ғарыш геодинамикалық және геофизикалық мониторинг жүйесін, сондай-ақ, пайдалы қазбалар кен орындарын болжамдау жүйесін құру | Көмірсутекті кен орындарын анықтау; көмірсутекті кен орындарын қарқынды қарау аумақтарының қауіпсіздігін; үлкен инженерлік құрылыстар және кенттелген территориялардың қауіпсіздігін; табиғи-техногенді апаттарды бағалау, ескерту, болжамдау бойынша спутниктік және жерүсті жоғары дәлдікті геодезия жүйелері және аппараттық-бағдарламалық кешендерді, матеметикалық модельдерді жасау және құру. | 1 | 2 | 3 |
| 3.1.4. Ғарыш ауа-райын болжамдау және қазақстандық көпдеңгейлі мониторинг жүйесін құру | Ғарыш ауа-райын болжамдау және көпдеңгейлі мониторинг жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасау және қарау, үлгілер саны. | 1 | 3 | 5 |
| 3.1.5. Ғарыш бағыты бойынша ғылыми-білім бағдарламаларын жасау және іске асыру | Қашықтан оқыту жүйесін дамыту, ПТК, телекоммуникацияларды және т.б. ұлғайту, арнайы пәндер саны. | 4 | 10 | 14 |
| 3.1.6. Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) экипаж құрамында қазақстандық ұшқыштың ғарышқа ұшуын қамтамасыз ету | ХҒС бортында ғылыми тәжірибелер орындау, тәжірибелер саны | - | - | - |
| 4. Стратегиялық бағыт Ғарыштық қызметті институттандыруды қамтамасыз ету |
| Мақсат 4.1. Ғарыштық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін ынталандыру | Мақсатты индикатор: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Халықаралық талаптарға жауап беретін жоғары технологиялы жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету | - | - | 1 |
| Міндеттер: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 4.1.1 Ғарыштық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін жайлы жағдайлар жасау | Артықшылықтар беру | | | |
| 4.1.2 Техникалық реттемелерді және стандарттарды жасау, ғарыштық қызметті техникалық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құжаттар қорын құру | Реттемелердің және стандарттардың саны, бірлік | 8 | 7 | 7 |
| 4.1.3. Ғарыштық саладағы жобаларды мемлекеттік сараптамадан өткізу, ғарыштық саладағы жұмыстардың нәтижелерін қабылдау үшін нормативтік құқықтық негіздерді қалыптастыру | Қабылданған нормативтік құқықтық актілердің саны, бірлік | 1 | 1 | 1 |
| Мақсат 4.2. Ғарыштық технологияларды Қазақстан Республикасына трансферттеу | Мақсатты индикатор: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Ғарыштық қызмет саласындағы әріптес мемлекеттер санының көбеюі | 2 | 4 | 6 |
| Міндеттер: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 4.2.1. Қазақстан Республикасының жетекші әлемдік шығарушылармен бірлесе жұмыла отырып ғарыштық техниканы, технологияны, ғарыштық инфрақұрылым объектілерін жасау бойынша халықаралық жобаларды жүзеге асыруға қатысуы | Жобалардың саны, бірлік | 2 | 4 | 6 |
| 4.2.2. Ғарыштық қызмет саласында әлемдік көшбасшылар болып табылатын басқа мемлекеттермен ынтымақтастықтың шарттық- құқықтық қорын дамыту | Қол қойылған келісімдердің саны, бірлік | 2 | 2 | 2 |
| Мақсат 4.3. Ғарыштық саланы ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету | Мақсатты индикатор: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Ғарыштық жобалар мен бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру мониторингі (жобаларды басқару жүйелерінің сапасы), саны жылына бір рет | 1 | 4 | 4 |
| Ғарыштық саладағы білікті мамандардың деңгейінің артуы Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметінде жұмысқа қосылған қызметкерлердің жалпы санына қатынасы бойынша, % | 15 | 20 | 35 |
| Міндеттер: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 4.3.1. Ғарыштық бағыттағы мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттар жүйесін жасау (БҒМ бірлесе отырып) | Қабылданған стандарттар саны, бірлік | 1 | 2 | 3 |
| 4.3.2. Таяу және алыс шетелдің тиісті оқу орындарында және ғылыми орталықтарында ғарыштық қызмет саласындағы инженер-техникалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру | Саны, адам | 25 | 25 | 25 |
| 4.3.3. Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау | Сертификат алған мамандардың саны, адам | 2 | 2 | 2 |
| Мақсат 4.4: Ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігін арттыру | Мақсатты индикатор: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| Уландырғыштығы жоғары құрауыштары бар отынды пайдаланатын зымыран тасығыштарды жіберуді кезең-кезеңімен қысқартуды қамтамасыз ету, % (2013 жылдан бастап) | - | - | - |
| Міндеттер: | Көрсеткіштер: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
| 4.4.1. Ғарыштық қызмет саласындағы экологиялық қауіпсіздік мәселелерін құқықтық реттеуді қамтамасыз ету | Қабылданған нормативтік құқықтық құжаттардың саны, бірлік | 2 | 1 | 1 |
| 4.4.2. Ғарыштық қызметті экологиялық нормалау жүйесін құру | Жасалған экологиялық-гигиеналы нормативтер жобаларының саны, бірлік | 3 | 2 | 2 |
| 4.4.3. Қазақстан Республикасының ракеталық-ғарыштық қызметінің зиянды әсеріне ұшыраған аумағын экологиялық тексеру және мониторинг бойынша жұмыстарды жүргізу, ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу үшін материалдық-техникалық базасын дамыту | Химиялық-экологиялық зертханалардың саны, бірлік | 3 | - | - |