Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 269-ө бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-ө бұйрығына (2007 жылғы 7 мамырдағы Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4661 болып енгізілді, 2007 жылғы 25 мамырдағы № 78 «Заң газеті» газетінде, 2007 жылғы сәуір-мамыр Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған), мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
бүкіл мәтін бойынша «Акт-нұсқама», «Акт-нұсқаманың» деген сөздер «тексеріс нәтижелері туралы акт» деген сөздермен ауыстырылсын;
бұйрықтың 1-қосымшасында:
«______________________________________________________СТН»
(табиғат пайдаланушы атауы, мекен-жайы)
деген жол «СТН» деген аббревиатурасынан кейін «ЖСН», «БСН» деген аббревиатураларымен толықтырылсын;
«мекен-жайы» деген сөздерден кейін «аумақ учаскесі» деген сөздермен толықтырылсын;
«тексеріс сұрағы » деген жолдағы «сұрағы» деген сөз «заты» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тексеріс сұрағы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«тексеріс кезеңі ________________________________________ »;
«_____________________________________________ негізінде» деген
(тексеріс жоспары, қарар, шағым/атауы, күні, нөмірі)