Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығы
(2016.08.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 166 бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың мынадай нысандары бекітілсін:
1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қадағалау жөнінде тексеріс нәтижелері туралы акт, осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама, осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес.
2. Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;