Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 Бұйрығы (2010.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 24 декабря 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 февраля 2012

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 Бұйрығы

(2010.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Бас Прокурорының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 125 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы статистикалық есептілікті одан әрі жетілдіру және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларымен сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 14 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 46 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5016 тіркелген) күші жойды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындалуы үшін жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом