Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕРЕЖЕ (ҚР КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ... 12.05.03 Ж. № 197...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2010 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының

Кедендiк бақылау агенттiгi

төрағасының

2003 жылғы 12 мамырдағы

№ 197 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлуiн
бақылау ережесi

(2005.29.09 берілген  өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлуiн бақылау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кодекс) 74, 76, 77, 86, 90, 217, 257, 276 және 476-баптарына сәйкес әзiрлендi және тауарлардың кедендiк бақылаумен орналастыру кезіндегі жеткiзiлуiн бақылау тәртібін айқындайды.

2. Тауарлар iшкi кеден транзитi рәсiмi бойынша (бұдан әрi - IКТ рәсiмi) кедендiк жөнелту органының баратын кеден органына дейiн тасымалдаушының жауаптылығымен, көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалданады.

3. Баратын кеден органы алынған құжаттарды тексередi және тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзiмдерде келiп түспеген жағдайда, жедел байланыс арналары бойынша жөнелтушi кеден органын хабардар етедi, жеткiзiлмеген тауарлардың кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етуге арналған тиiстi iс-шаралар жүргiзедi.

2. Жеткiзiлуiн бақылау құжатын толтыру ережесi

4. Жеткiзiлуiн бақылау құжаты (бұдан әрi - ЖБҚ) кедендiк декларация-1, кедендiк декларация-2 нысанындағы (1-қосымша) жүк кедендiк декларациясының бланкасында төрт данада бiр мезгiлде электрондық көшiрмесi жасала отырып, Кодекстiң 76-бабына және осы Ереженiң талаптарына сәйкес толтырылады.

5. ЖБҚ тiркеудi жөнелтушi кеден органы 2-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша жеткізудi бақылау құжаттарын тiркеу журналында жүргiзедi.

6. Тауарларды АКТ рәсiмi бойынша тасымалдау кезiнде ЖБҚ барлық даналарына және тауарға iлеспе құжаттардың (жүктiк жөнелтпе құжат, шот-фактура, инвойстар, коносаменттер және т.б.) барлық даналарына 1-суретте (3-қосымша) көрсетiлген мөртаңба қойылады. Мөртаңба тасымалдауды iшкi кедендiк транзит рәсiмi бойынша ресiмдеудi жүргiзушi кеден органы лауазымды адамының жеке нөмiрлiк мөрiмен және қолымен расталады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом