Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары
Жалпы техникалық талаптар
ҚР СТ 1073-2007
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Жалпы ережелер
5. Жалпы техникалық талаптар
5.1. АКҚҚ-ға қойылатын жаллы талаптар
5.2. Техникалық құжаттамаға қойылатын талаптар
5.3. Қауіпсіздігі бірінші деңгейдегі АКҚҚ-на қойылатын талаптар
5.4. Қауіпсіздігі екішпі деңгейдегі АКҚҚ-на қойылатын талаптар
5.5. Қауіпсіздігі үшінші деңгейдегі АКҚҚ-на қойылатын талаптар
5.6. Қауіпсіздігі төртінші деңгейдегі АКҚҚ-на қойылатын талаптар
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт отандық және шетелдік өндірістің ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына қолданылады және оларға қойылатын жалпы техникалық талаптарды белгілейді.
Стандарт сәйкестікті растау мақсатына жарамды.
Осы стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік шифрлеу құралдары болып табылатын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына қолданылмайды.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта төмендегі стандарттарға сілтеме жасалады:
ГОСТ 28147-89 Ақпаратты өңдеу жүйесі. Криптографиялық қорғау.
Криптографиялық түрлендіру алгоритмі.
ГОСТ 34.310-2004 Ақпараттық технология. Ақпаратты криптографиялық қорғау. Электронды сандық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру процесі.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта сәйкес анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
3.1 Криптографиялық түрлендіру алгоритмі: (Кілттің) өзгертілетін параметріне қарай және криптографиялық түрлендіру есептерін шешу үшін операциялардың орындалу жүйелілігін беретін қарапайым және біржақты анықталған ережелердің ақырғы сандар жинағы.
3.2. Криптографиялық түрлендіру асимметриялық алгоритмі: Криптографиялық түрлендіру алгоритмі, онда тура және кері түрлендіруі ашық және құпия деп аталатын, өзара байланысуы ашық кілттен құпия кілтін есептеп анықтауы қиынға соғатын екі кілтті пайдаланады.