Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2271 Қаулысы
(2010.15.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын (бұдан әрі - Конституцияның 15 жылдығы) мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) Конституцияның 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары)бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі шаралар қабылдасын және 2010 жылғы 10 шілдеге және 10 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2010 жылғы 20 шілдеге және 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.P.Әбдірахымовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.15.01. № 10 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2271 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15
жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, төраға |