Введите номер документа
Прайс-лист

«Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің және кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау есебінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 10 наурыздағы № 75 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 10 марта 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 14 марта 2011

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің және кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау есебінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 10 наурыздағы № 75 бұйрығы

 

ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 3 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтарындағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң), БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жылдық бағдарламасының № 1 нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтері туралы есебінің № 2 нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кадрларда қазақстандық үлес бойынша міндеттемелерді орындау туралы есебінің № 3 нысаны бекітілсін.

2. Жер қойнауын пайдаланушылар:

1) жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей құзыретті органға жылдық сатып алуды жүргізуге жоспарланған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 1 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта Excel форматында ұсынсын;

2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың он бесінші күніне дейін құзыретті органға сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 2 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта

Excel форматында ұсынсын;

3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың он бесінші күніне дейін құзыретті органға кадрдағы қазақстандық үлес бойынша міндеттемелерді орындау туралы есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 3 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта Excel форматында ұсынсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами