2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV шешімі
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
§Осы редакция 2010 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.15.01. № 24/266-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.12.03 № 26/270-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 27/294-IV шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 211 684 340 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 12 338 748 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 671 256 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 500 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 198 672 836 мың теңге;
2) шығындар - 209 070 102 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу- 4 408 533 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 5 973 533 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 565 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 109 200 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 3 109 200 мың теңге;
5) бюджет дефициті - - 4 903 495 мың теңге;
6) бюджет дефицитін қаржыландыру - 4 903 495 мың теңге;
2. 2010 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері белгіленсін:
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 50 пайыз;
облыстық бюджетке аудандардан (облыстық маңызы бар қалалар) 50 пайыз.