Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 01-01-07/34 және
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 127 Бірлескен бұйрығы
ҚР Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/56 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы № 134 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (А.Қ. Құлназаров):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі | Т. Досмұхамбетов |
| Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2010 жылғы 3 наурыздағы
№ 01-01-07/34 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 10 наурыздағы
№ 127 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлері
1. Жалпы ережелер