«2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 12 тамыздағы № 331 бұйрығымен күші жойылды
2010 - 2011 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуді оқу әдебиетімен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2010 - 2011 оқу жылында Білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат етілген оқулықтар басылымдарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков ) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бастықтарының назарына жеткізсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары 2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 9 сәуірдегі
№ 160 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 5 сәуірдегі
№ 152 бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру