Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 111 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 518 бұйрығымен 2018 жылғы 13 шілдеден бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 9 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен бекітілген
Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау
бағдарламасы
1. Жалпы ереже
1. Осы бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама екі «Жалпы пәндер» және «Мамандықтар топтамасы» модулдан тұрады.
3. «Жалпы пәндер» модулы мамандықтардың барлық түрлері бойынша қайта даярлау үшін міндетті.
4. «Мамандықтар топтамасы» модулы үш пәнді:
1) жылжымайтын мүлікті бағалауды;
2) жылжымалы мүлікті бағалауды;
3) зияткерлік меншік, материалдық емес активтердің құнын және мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалауды қамтиды.
2. Кәсіптік даярлау бағдарламаларының мазмұны
5. Барлық мамандықтар үшін міндетті жалпы пәндер - 20 сағат:
1) бағалау қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
2) бағалау стандарттары және оларды қолдану практикасы;
3) нарықтық баға белгілеудің микро- және макроэкономикалық негіздері;
4) бухгалтерлік есеп және аудит негіздері;
5) экономикалық талдау;
6) салық және салық салу;
7) бағалаудағы математикалық әдістер.