«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 396 Қаулысы
(2012.19.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2226 қаулысының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 мамырдағы
№ 396 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер